1 / 2
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде алғашқы офицерлік арнаулы атақ беру рәсімі өтті.
Бұйрыққа сәйкес, Жедел басқару орталығы орталық байланыс пунктінің аға диспетчері Тимур Сергеевич Эсовқа «азаматтық қорғау лейтенанты» алғашқы офицерлік арнаулы атағы берілді.
Офицерлік арнаулы атақтың берілуі – қызметкердің кәсіби қалыптасуындағы маңызды кезең және оған жүктелген жоғары жауапкершіліктің айғағы.
Қостанай облысы ТЖД бастығы, полковник Н. Г. Селимов Тимур Сергеевичті арнаулы атақ алуымен құттықтап, қызметіне табыс, кәсіби өсу және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жаңа жетістіктер тіледі.









