«Құзыреттілік орталығында» Арал өңірінің табиғатын сақтауға және экожүйесін қорғауға бағытталған «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлер апталығының ашылу рәсімі өтті.
Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ жариялаған Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылына орай ұйымдастырылды.
Ашылу рәсіміне облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Тоғжан Зейденова, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Вера Ким, Жанар Бимұратқызы, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Наурызбай Байқадамов, Өзбекстан, Қырғызстаннан және еліміздің барлық өңірінен келген 100 волонтер, 500-ден астам белсенді студент пен ерікті жастар қатысты.
Данияр Жаналинов басқосудың Сыр өңірінде өтуі және апталықтың «GREEN ARAL» деп аталуы айрықша мәнге ие екенін айтты.
«Бұл – қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және Арал өңірінің тағдырына ортақ жауапкершілікті сезінуге үндейтін маңызды бастама. Арал мәселесі еліміздің ғана емес, бүкіл әлемнің назарында. Табиғатқа жанашырлық танытып, экологиялық түйткілдердің шешіміне үлес қосу – баршамызға ортақ міндет. Сыр еліне келген сапарларыңыз сәтті, жүздесулеріңіз мазмұнды, бастамаларыңыз нәтижелі болсын!», – деді Данияр Еренғалиұлы.
Сондай-ақ, жиында Тоғжан Зейденова, Вера Ким сөз сөйлеп, Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтау хатын оқып берді.
Қоғамдық жұмысты белсенді атқарып жүрген азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, апталықтың негізгі іс-шаралары Арал ауданында өтеді.
«GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық апталығы жастардың, қоғамдық ұйымдар мен халықаралық серіктестердің басын қосып, экологиялық волонтерлікті дамытуға және Арал өңірінің табиғатын қорғауға бағытталған бастамаларды қолдауға жол ашады.
Қызылордада «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлер апталығы басталды
1 / 12
Ұқсас материалдар

Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы бекітілген кестеге сәйкес Зеренді ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді
«Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» ММАшу
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛЮМИНИЙ КОМПОЗИТТІК ПАНЕЛЬДЕР ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 9 МЛРД ТЕҢГЕЛІК МАЛ СҮЙЕГІН ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
Алмалы ауданында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтеді
Алмалы ауданы әкімінің аппаратыАшу
Еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қатынастарын цифрландыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіАшу
"Қызылорда қаласының әкімдігі" жаңалықтары

Сауда нысандарында мерекелік іс-шаралар өтуде
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
Қызылордада «Terra green» заманауи жылыжай кешенінің құрылысы басталды
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
Қызылордада күн электр станциясының құрылысы басталды
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
«Қорқыт ата» арнайы экономикалық аймағындағы инвестициялық жобалардың жай-күйі талқыланды
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
Үкімет басшысының бірінші орынбасары Қызылорда облысындағы құрылыс нысандарын аралады
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу