ТЖД-да өртке байланысты қылмыстық істер бойынша сот практикасы талқыланды

    1 / 8

    Қостанай облысы ТЖД-да Қостанай қаласының № 2 сотының судьясы Анара Иржанованың қатысуымен семинар-сабақ өткізілді.

    Кездесу барысында өртке байланысты қылмыстық істерді тергеу кезінде туындайтын сот практикасының өзекті мәселелері қаралды. Сараптама қорытындыларын бағалауға, материалдық залал мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жойылған мүліктің тиесілігін және құнын растауға ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар үй-жайларды жалға алу және жылжымайтын мүлікті меншік құқығын тіркемей нақты пайдалану жағдайларында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты тұлғаларды анықтау мәселелері талқыланды.

    Өрт қауіпсіздігі талаптарының нақты бұзушылықтарын, тұлғалардың әрекеті немесе әрекетсіздігі мен туындаған салдарлар арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтаудың, сондай-ақ заңды әрі негізделген процестік шешім қабылдау үшін жеткілікті дәлелдемелердің болуының маңыздылығы атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары