Қостанайда Қазақстан Республикасы Құтқарушылар күніне арналған қазақ күресінен турнир өтті. Жарысқа Қостанай облысының 9 құқық қорғау органы мен күштік құрылымының өкілдері қатысты.
Қатысушылар ұлттық күрестен өздерінің спорттық шеберліктерін, күш-қуаты мен әдіс-тәсілдерін көрсетті. Белдесулер қорытындысы бойынша алты салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды.
Салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар
60 келіге дейін — Мухамбетжанов Алишер
66 келіге дейін — Аменов Нұрсұлтан
74 келіге дейін — Әлжан Мағжан
82 келіге дейін — Ақтас Мақсат
90 келіге дейін — Қуанышбеков Иманжүсіп
100 келіге дейін — Қабылан Нұрсұлтан
Жалпыкомандалық есеп
I орын — Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті
II орын — ҚР Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімі
III орын — ҚР ІІМ Қостанай облысының Полиция департаменті
Марапаттау рәсімі аясында Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Селимов Назарали Гаджимагомедович спорт саласының өкілдеріне естелік кәдесыйлар, сондай-ақ жарысқа қатысқан барлық командалардың өкілдеріне естелік сыйлықтар табыстады.
Турнир жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты түрде марапаттаумен аяқталды. Аталған жарыс ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және ұлттық спорт түрі — қазақ күресін кеңінен насихаттауға ықпал етті.









