Каир, 2026 жылғы 22 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мысыр Араб Республикасына ресми сапары аясында әлемдегі ең ірі исламдық ғылыми-ағартушылық орталық – «Әл-Азһардың» Жоғарғы имамы, шейх Ахмед ат-Тайебпен кездесті.
Келіссөздер барысында сұхбаттасушылар дәстүрлі рухани құндылықтарды қорғау, конфессияаралық диалогты ілгерілету және діни білім беру салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен Мысырды ғасырлар қойнауынан бастау алатын терең тарихи, мәдени және рухани бауырластық байланыстар біріктіреді. Екі мемлекет арасындағы табысты әріптестіктің жарқын көрінісі ретінде Каирдегі тарихи Сұлтан Бейбарыс мешітінің ауқымды реставрациядан кейін салтанатты түрде қайта ашылуы және Қазақстандағы «Нұр-Мүбарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінің жемісті қызметі ерекше атап өтілді.
Кездесу соңында ҚР Сыртқы істер министрі шейх Ахмед ат-Тайебке Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне көрсетіп келе жатқан тұрақты қолдауы үшін алғыс білдіріп, Жоғарғы имамды Астанаға жұмыс сапарымен келуге шақырды.
Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің бауырлас халықтарының игілігі мен өркендеуі жолында рухани және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты сапалық жаңа деңгейге көтеру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазақстан мен Мысыр рухани және білім беру салаларындағы серіктестікті нығайтуда
1 / 6
Ұқсас материалдар

Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша байқау өткізу туралы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ
Темір ауданы әкімдігіАшу
Қазақстан мен Эфиопия саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда
Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы ЕлшілігіАшуV Азия Пара ойындары: Әли Тұрғанбеков күміс медаль жеңіп алды
Спорт және дене шынықтыру істері комитетіАшу
IFC Қазақстанға инвестиция көлемін ұлғайтып, жобалар портфелін кеңейтуді көздейді
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіАшу
"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" жаңалықтары

Қазақстан мен Араб мемлекеттері лигасы ынтымақтастықтың жаңа деңгейін талқылады
ҚР СІМАшу
Ардақ Зебешев және ЕО Елшісі Алешка Симкич инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің нақты қадамдарын талқылады
ҚР СІМАшу
Қазақстан мен Алжир кәсіпкерлері арасында Республика күні қарсаңында Бизнес-телекөпір өтті
ҚР СІМАшу
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий көлік бағытының әлеуетін Жапонияда таныстырды
ҚР СІМАшу
Қазақстан мен Болгария көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
ҚР СІМАшу