«Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш көшеттері отырғызылды

    1 / 6

    «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында күз мезгілінде округ әкімшілігінің ұйымдастыруымен ауылдың кіреберісіндегі арнайы қоршалған аумаққа ағаш көшеттерін отырғызу шарасы өтті.

    Шара барысында:

    Шетен — 160 түп
    Қараған — 30 түп
    Жөке — 100 түп
    Ақ қайың — 90 түп
    Терек — 80 түп
    Күміс терек — 40 түп

    Барлығы 500 түп ағаш көшеті отырғызылды.

    Игі бастамаға ауыл азаматтары, мекеме қызметкерлері, жоғары сынып оқушылары мен еріктілер қатысты. Бұл шара ауылды көгалдандыруға, қоршаған ортаны қорғауға және туған жеріміздің көркеюіне бағытталды. Сонымен қатар жастарға табиғатты аялаудың маңызын үлгі етуге мүмкіндік берді.

    Шараға қаржылай демеушілік көрсеткен ауылымыздың тумасы, профессор, академик Мұхтар Қасенұлы Байбатшановқа округ жұртшылығы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Жасалған игі іс ауылымыздың жасыл желекке бөленуіне үлес қосып, көпшілікке үлгі болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары