Жетісу облысы Полиция департаментінің спортшылары Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлері арасында Павлодар қаласында өтетін қоян-қолтық ұрыстан жарысқа белсенді дайындық жүргізуде.
Дайындық аясында полицейлер «Арыстан» спорт академиясымен бірлесіп, оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Жаттығулар барысында кәсіби шеберлікті жетілдіруге, дене төзімділігін арттыруға, жауынгерлік әдіс-тәсілдер мен тактикалық дағдыларды пысықтауға басымдық беріледі.
Қоян-қолтық ұрыс тек күш пен жылдамдықты ғана емес, сонымен қатар сабырлылықты, тәртіпті, өзіне деген сенімділікті және жылдам шешім қабылдай білуді талап етеді. Бұл қасиеттер полицейлер үшін спорт алаңында ғана емес, қызметтік міндеттерін орындау кезінде де аса маңызды.
Жүйелі жаттығулар мен тәлімгерлердің кәсіби қолдауы жоғары нәтижелерге қол жеткізуге және алдағы жарыста өңір намысын абыроймен қорғауға бағытталған.
Жетісу облысының спортшылары жарысқа нық сеніммен дайындалып, өңір намысын лайықты қорғауға бел буып отыр.









