ТҮРКІСТАНДА ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ 185 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА «РУХАНИЯТ ОРДАСЫНА – 65 ЖЫЛ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

    1 / 3
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі тапсырмасы аясында Түркістан облысында ауқымды жобалар ұйымдастырылып келеді. Осы орайда, Түркістанда ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринның туғанына 185 жыл және облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының құрылғанына 65 жыл толуына орай «Руханият ордасына – 65 жыл» атты дөңгелек үстел өтті.
    Салтанатты іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, мәдениет саласының өкілдері, ғалымдар, өңірлік және республикалық кітапхана басшылары мен кітапхана ісінің ардагерлері қатысты.
    Жиын барысында кітапхананың заманауи цифрлық ресурстары – ресми веб-сайт, DSpace репозиториі және «БАРЫС» электрондық каталогы көпшілік назарына ұсынылды.
    Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы кітапхана ұжымын мерейтойымен құттықтап, мекеменің жас ұрпақтың рухани дүниесін байытуға, білімге құштарлығын арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосып келе жатқан атап өтті.
    Дөңгелек үстел барысында Ы. Алтынсариннің педагогикалық мұрасы, ұлттық тәрбие және музей жәдігерлерінің құндылығы туралы баяндамалар жасалды. Сонымен қатар шарада кітапхананың дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлер жүрекжарды тілектерін жеткізді.
    Мерейтойлық іс-шараның мақсаты – кітапхананың 65 жылдық тарихын саралау, рухани-мәдени мұрасын дәріптеу, балалар кітапханасының қоғамдағы орнын айқындау, кітап оқу мәдениетін насихаттау және кітапхана саласының дамуына үлес қосқан тұлғалардың еңбегін ұлықтау.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының әкімдігі" жаңалықтары