Ерен еңбек елеусіз қалмады

    1 / 3

    Жібек жолы ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Олжабаев Құтқарушылар күні кәсіби мерекесіне орай Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына арнайы барды.

    Шара барысында ол уақытпен санаспай, халықтың амандығы мен қауіпсіздігі жолында қауіпті де жауапты қызметті абыроймен атқарып жүрген азаматтық қорғау қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдіріп, бірқатар өрт сөндіруші-құтқарушыларды Алғыс хаттармен марапаттады.

    Марапаттау рәсімінен соң аудан әкімінің орынбасары жеке құрамның күнделікті қызметтік-тұрмыстық жағдайымен танысып, өрт сөндіру және құтқару техникаларын аралап көрді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары