Қоғамдық кеңес атом энергетикасы саласындағы өзекті мәселелерді талқылады

    Қоғамдық кеңес төрағасы Сәлімбай Шунеевтің төрағалығымен Кеңес мүшелері мен Агенттік өкілдерінің қатысуымен отырыс өтті.
    Күн тәртібіне бюджеттік жоспарлау, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, сондай-ақ атом электр станциялары жобаларын іске асыру аясындағы сатып алу қызметін реттеу мәселелері енгізілді.
    Агенттіктің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері осы мәселелер бойынша баяндама жасап, нормативтік құқықтық актілер жобаларының негізгі ережелері мен жоспарланған шаралар туралы ақпарат берді.
    Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселе жөнінде тиісті шешімдер қабылданды. Жиында атом энергетикасы саласындағы міндеттер, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және нормативтік реттеуді жетілдіру мәселелері қаралды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі" жаңалықтары