Жетісу облысында «Қауіпсіз аула» ЖПІШ аясында тұрғындармен кездесулер өтуде

    1 / 2

    Жетісу облысының полиция қызметкерлері «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тұрғындармен аула кездесулерін өткізуді жалғастыруда.

    Кездесу барысында полицейлер тұрғындардың өтініштері мен мәселелерін тыңдап, оларды толғандырған сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары түсіндіріледі.

    Әсіресе интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алуға ерекше назар аударылады. Тұрғындарға, оның ішінде қарт адамдарға, алаяқтардың жаңа айла-тәсілдері түсіндіріліп, олардың құрбаны болмау жолдары айтылады.

    Полиция қызметкерлері азаматтарға SMS-кодтарды, банк карталарының деректерін және құпиясөздерді бөгде адамдарға бермеуді, күмәнді өтініштер бойынша ақша аудармауды, сондай-ақ өзін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдарға сенбеуді ескертеді.

    Жетісу облысында интернет-алаяқтық фактілерінің тіркелуі 20,4%-ға төмендеді. Өңір аумағында интернет-алаяқтықтың 317 фактісі тіркелген. Бүгінде 123 қылмыстық істің өндірісі аяқталып, оның 101-і сотқа жолданды.

    Полиция ескертеді: сақтық танытып, күмәнді жағдайлар туралы дер кезінде хабарлау арқылы алаяқтықтың алдын алуға және жеке қаражатты қорғауға болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары