Қарттар күніне орай қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде қайырымдылық акциялары өткізілді. Ізгілік пен мейірімділікті дәріптеуді мақсат еткен шара аясында ауылдық округтерде тұратын ардақты қариялардың үйіне арнайы барып, олардың хал-жағдайы сұралды. Сонымен қатар ақ жаулықты әжелерімізге ақ жаулық сыйға тартылып, мерекемен құттықтау және құрмет көрсету рәсімдері ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың қоғамдағы орны мен еңбегін дәріптеу, жастар арасында үлкенді сыйлау, қамқорлық таныту және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Қариялар – ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, елдің береке-бірлігі мен рухани байлығының тірегі. Оларға құрмет көрсету, көңіл бөліп, қамқорлық таныту – баршамызға ортақ міндет. Осындай игі шаралар арқылы ұрпақтар сабақтастығы нығайып, қоғамда мейірімділік пен өзара сыйластық құндылықтары кеңінен насихатталады. Меркі аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ алдағы уақытта да жастарды ізгі істерге жұмылдырып, қайырымдылық пен қамқорлық бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді. |
Қарттар күніне орай қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды
Ұқсас материалдар

Ақтөбе облысында су үнемдеу технологиялары 12,3 мың гектар жерге енгізілді
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Астанада мұнай базаларында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына тексерулер жүргізілуде
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Ақмола облысында шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
⚜️ ЕЛ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ ЕСЕЛІ ЕҢБЕККЕ ҚҰРМЕТ
Мәртөк ауданы әкімдігіАшуАзаматтарды қабылдау
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыАшу
"Меркі ауданының әкімдігі" жаңалықтары

«Бабалар салған ізбенен» жобасы аясында «Мамандық – өмір таңдауы» атты тағылымды кездесу өтті
Меркі ауданының әкімдігіАшу
«Онлайн-бәс пен ойын тәуелділігі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді
Меркі ауданының әкімдігіАшу
«Таза ой, таза жүрек» атты жастар арасында пікірсайыс ойыны өткізілді
Меркі ауданының әкімдігіАшу
ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ІС-ШАРА ӨТТІ
Меркі ауданының әкімдігіАшу
АУДАН ӘКІМІ КЕҢЕС ЖӘНЕ АНДАС БАТЫР ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Меркі ауданының әкімдігіАшу