Бірлік ауылдық округінде Красная Поляна, Петриковка және Арбузинка ауылдарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ететін топтық су құбырының салтанатты іске қосылу рәсімі өтті.
Осы айтулы оқиғамен тұрғындар мен қонақтарды Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай құттықтады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының міндетін атқарушы орынбасары Бұлан Тұрлыбеков құттықтау сөз сөйледі.
Бұған дейін орталықтандырылған су жүйесі болмаған үш ауылдың тұрғындары үшін бұл — көптен күткен қуанышты оқиға. Енді олардың үйлеріне орталықтандырылған ауыз су жеткізілді.
Жобаның жүзеге асырылуы — ауылдық инфрақұрылымды дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және әрбір отбасы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам.






