Печеньедегі есірткі: ІІМ есірткі дүкенінің қатысушыларын ұстады

    Ішкі істер министрлігі есірткі дүкендерін жою бойынша тиімді шаралар қабылдауда.

    Жедел қызметкерлердің көзіне түскен "Пепе" интернет-дүкені арқылы елордада есірткіні таратудың арнасы тұрақты түрде жұмыс жасаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижесінде полиция Мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп, жалдамалы пәтерлерде бір уақытта жасы 30-дан асқан бес ер адамды ұстады.

    Қылмыстық сызба "ұйымдастырушы - буып түюші - қоймашы - есірткі жасырушы" иерархиясы бойынша әрекет еткен. Фигуранттар тәулік бойы есірткі тұтынушыларды марихуана, гашиш, каннабис шайыры және тағы да басқа каннабис тобының есірткілерімен қамтамасыз еткен.

    - Ұсынылған ассортиментте каннабис шайыры салынған печеньелер болған. Әрқайсысының салмағы 100 граммнан болатын 238 дана ерекше кондитерлік өнім тәркіленді.

    Күдіктілердің тұрғылықты жерлері бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында 12 кг-ға жуық түрлі есірткі заттары, оның ішінде 8 кг-нан астам марихуана, 1,5 кг гашиш және 2 кг каннабис шайыры тәркіленді.

    Бұдан бөлек, ірі көлемдегі қолма-қол ақша, банк карталары, ұялы телефондар, электронды таразылар, брикеттер, вакуумдау мен өлшеп-орауға арналған құрылғылар, түрлі-түсті оқшаулағыш таспалар және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

    Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер қамауға алынды.

    ІІМ есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға және есірткі жеткізу арналарына қарсы мақсатты іс-шараларды жалғастырады, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары