Ақтөбеде 5 мың орындық көпфункционалды спорт кешені қандай болады

    1 / 8

    Ақтөбеде жаңа көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы басталды. Ол қаланың жаңа әлеуметтік-іскерлік орталығы саналатын «Алтын Орда» аумағында орналасады.

    Кешенде не болады?
    5 000 көрерменге арналған басты арена — ірі спорттық жарыстар мен бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған.
    50 метрлік жүзу бассейні — жүзумен айналысуға және спортшылардың жаттығуына арналған.
    Спорттық және көркем гимнастика, баскетбол және волейбол залдары.
    Тренажер залдары, йога және пилатеске арналған аймақтар — жеке жаттығулар мен дене шынықтыруға арналған.
    Ғимараттың жалпы ауданы 31 мың шаршы метрден асады, ал кешен орналасатын аумақ 6,1 гектарды құрайды.

    Мұнда кәсіби спортшылар да, қала тұрғындары да жаттыға алады. Кешен түрлі спорт түрімен айналысуға, жаттығуға және белсенді демалуға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары