ЕҢБЕКШІДЕ ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ!

    1 / 7
    ЕҢБЕКШІДЕ ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ!
    Ауылымыздың қауіпсіздігі үшін маңызды жаңа өрт сөндіру бекеті ашылып, елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстарға үлкен мүмкіндік жасалды. Бұл – ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі үшін аса маңызды нысандардың бірі.
    Өрт сөндіру бекетінің ашылуы – Еңбекші, Жиделіарық және Қосүйеңкі ауылдарында төтенше жағдай орын алған жағдайда оқиға орнына жедел жетіп, дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, бұл ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадам.
    Осы ретте, ауыл тұрғындары атынан Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Райымбеков Ернұр Төребайұлына ерекше алғысымызды білдіреміз!
    Жаңа өрт сөндіру бекеті ауылымызға қауіпсіздік, тыныштық және сенімділік әкелсін!
    Ауыл қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар