1 / 5
17.09.2026 жылы №214 орта мектебінде бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне арналған «Тәртіп пен жауапкершілік — ортақ міндет» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.Жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселе қаралып, ата-аналарға жадынама бойынша келісім хат таратылды.
Жиынның басты мақсаты — мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
* Тәртіп пен білім сапасы: Оқушылардың сабаққа қатысуы, мектеп ішкі тәртібін сақтауы және білімге деген жауапкершілігі талқыланды. Тәртіп бар жерде ғана сапалы білім мен үлкен жетістік болатыны ерекше атап өтілді.
* Түнгі уақыттағы бала қауіпсіздігі (Маңызды!): Жиналыста заң талаптарына сәйкес, балалардың түнгі сағат 22:00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілдерінің сүйемелдеуінсіз көшеде, көңіл көтеру орындарында және тұрғын үйден тыс жерлерде жүруіне қатаң тыйым салынатыны ескертілді. Баланың түнгі уақытта үйде болуын қадағалау — ата-ананың тікелей заңды әрі моральдық міндеті.
* Буллинг пен зиянды әдеттердің алдын алу: Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, электронды шылымдар мен зиянды заттардан аулақ болуы және ғаламтордағы (әлеуметтік желідегі) қауіпсіздігі сөз болды.
Бала — жанып тұрған шырақ. Оның жарқын жануы да, өшіп қалуы да біздің берер тәрбиемізге байланысты. Бала мектепте ұстаздан үлгі алса, үйде ата-ананың мейірімі мен бақылауын сезінуі тиіс. Баланы тек мектепке сеніп тапсыру немесе тек үйде тәрбиелеу жеткіліксіз — нәтиже тек ортақ еңбекпен келеді.







