ЖАС АҚЫННЫҢ ЖЕТІСТІГІ – АУДАН МЕРЕЙІ: АУДАН ӘКІМІ САНЖАР ӘБДІСАТТАРҰЛЫН ҚАБЫЛДАДЫ

    1 / 6
    🔹 Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков республикалық жас ақындар айтысында топ жарып, ұлттық өнерімізді ұлықтаған жас талант Санжар Әбдісаттарұлын қабылдап, жетістігімен құттықтады.
    🔹 Шаян ауылындағы «Шаян» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Санжар Әбдісаттарұлы 2026 жылғы 14–15 қазанда өткен «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысына қатысып, «Жыл дүлдүлі – Жамбылдың домбырасы» арнайы бәйгесінің иегері атанды. Сонымен қатар ол Жамбыл Жабаевтың немересінің қолынан жыр алыбының қасиетті домбырасын алу құрметіне ие болды.
    🔹 Аудан әкімі жас ақынды айтулы жеңісімен құттықтап, оның жетістігі туған жері үшін зор мақтаныш екенін атап өтті. Сондай-ақ ұлттық өнерді дәріптеп, айтыс дәстүрін жалғастырып жүрген жас талантқа ақ жол тілеп, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тіледі.
    🔹 Айтыс өнеріне 2023 жылдан бастап ден қойып келе жатқан Санжар бұған дейін аудандық және облыстық байқауларда да жүлделі орындарға ие болған. Бәйдібек ауданының айтыс өнеріндегі бай дәстүрін жалғастырып келе жатқан жас ақынның алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ел мерейін асқақтата беруіне тілектеспіз!
    📌 Аудан әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары