БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ VIII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ

    1 / 6
    🔹 Ұласбек Сәдібеков VIII шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен жергілікті мәселелерді шешу бағытында атқарған жұмыстарына алғыс білдірді.
    🔹 Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы №521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығына сәйкес мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Осыған байланысты алдағы кезеңде мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу жұмыстары жүргізіледі
    🔹 Кездесу барысында аудан басшысы мәслихат депутаттарының тұрғындардың мүддесін қорғау, елді мекендердің өзекті мәселелерін көтеру және ауданның дамуына бағытталған бастамаларды қолдау жолындағы қызметтеріне тоқталды.
    🔹 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысқан депутаттарға ризашылығын білдірген Ұласбек Сәдібеков олардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігін атап өтті.
    🔹 Кездесу соңында VIII шақырылымдағы Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаттарына атқарған еңбектері мен ауданның дамуына қосқан үлестері үшін алғыс хаттар табысталды.
    🖇️ Аудан әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары