Бір күн – бір тағдыр: учаскелік полиция инспекторы Елдар Дүйсенғазиев Халыққа жақын полиция: учаскелік инспектордың бір күні

    1 / 2

    Учаскелік полиция инспекторының жұмысы – тұрғындармен күнделікті байланыс орнату, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Бұл – үлкен жауапкершілікті, шыдамдылық пен кәсіби шеберлікті талап ететін қызмет.

    Капитан полиция Елдар Дидарұлы Дүйсенғазиев ішкі істер органдарында 2016 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы жылдар ішінде ол полиция қызметінің қыр-сырын меңгеріп, қоғам тыныштығын сақтауға өз үлесін қосып келеді.

    Учаскелік инспектордың жұмыс күні қызметтік міндеттерді айқындаудан және өзіне бекітілген аумақтағы жедел жағдайды зерделеуден басталады. Күнделікті қызмет барысында ол тұрғындармен кездесіп, азаматтардың өтініштерін қарайды, профилактикалық әңгімелер жүргізеді және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын жүзеге асырады.

    Сонымен қатар тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, профилактикалық есепте тұрған азаматтармен жұмыс жүргізу және халыққа заң талаптарын түсіндіру – учаскелік инспектор қызметінің маңызды бағыттарының бірі.

    Бұл жұмыста әрбір азаматтың мәселесіне мұқият қарау, тұрғындармен сенімді қарым-қатынас орнату және туындаған жағдайларға дер кезінде ден қою аса маңызды. Өйткені учаскелік инспектор – халықпен тікелей байланыста болып, тұрғындардың өтініштері мен мәселелеріне назар аударатын полиция қызметкері.

    Елдар Дүйсенғазиев үшін полиция қызметі – жай ғана мамандық емес, қоғам алдындағы жауапкершілік пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет.

    Бала күнгі арманын мамандыққа айналдырған капитан полиция Елдар Дүйсенғазиев бүгінде заң мен тәртіпті сақтауға, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары