Қостанайда жер асты жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылуда

    Бүгін «Второй подъём» ауданындағы жерасты жаяу жүргіншілер өткелінде жөндеу жұмыстарының аяқталу барысы тексерілді. Қазіргі уақытта өткелдің қаптамасы жаңартылып, брусчатка төселуде, жарықтандыру және бейнебақылау жүйелері орнатылуда. Сонымен қатар қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.

    Қостанай қаласында үш жерасты жаяу жүргіншілер өткелі бар. Былтыр Қайырбеков көшесіндегі № 9 мектептің жанында орналасқан өткел күрделі жөндеуден өтті. Ал келесі жылы ГАИ аялдамасы маңындағы өткелді жөндеу жоспарланып отыр.

    «Тобыл Арена» автотұрағы мен Kostanay Plaza сауда-ойын-сауық орталығының арасындағы төртінші жерасты өткелінің құрылысын 1 қарашаға дейін аяқтау көзделген. Жоба инвестор қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

    Қалада Назарбаев даңғылында, Гашек көшесінде және теміржол вокзалы маңында орналасқан үш жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі де бар.

    Осылайша, Қостанайда жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жалғасуда. Негізгі мақсат — тұрғындардың қауіпсіз әрі кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етіп, қаладағы жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай қаласының әкімдігі" жаңалықтары