Абай облысы Жаңасемей ауданына қарасты Шүлбі кентінің құрылғанына 50 жыл толды. Осыған орай «Шүлбі – тарихы терең, болашағы кемел туған жер» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шара кенттің орталық алаңында өтіп, тұрғындар мен қонақтардың басын қосты. Іс-шараның мақсаты – жарты ғасырлық тарихы бар елді мекеннің қалыптасу және даму жолын дәріптеу, оның өркендеуіне үлес қосқан азаматтардың еңбегін бағалау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Шүлбі кентінің тарихы өңірдің энергетика саласының дамуымен тығыз байланысты. 1976 жылы Ертіс өзенінің су қуатын тиімді пайдалану мақсатында Шүлбі су электр станциясының құрылысы басталды. Бұл маңызды жоба кенттің қалыптасуына, тұрғындар санының артуына және әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына негіз болды.
1987 жылғы 23 желтоқсанда станцияның алғашқы гидроагрегаты іске қосылып, 1994 жылы алтыншы гидроагрегат пайдалануға берілді. Кейінгі жылдары станцияның өндірістік инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту жұмыстары жалғасты. Бүгінде Шүлбі ГЭС-і – Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі маңызды нысандардың бірі.
Елу жылдық тарих – кенттің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан энергетика саласының мамандарының, еңбек ардагерлерінің және тұрғындардың ортақ жетістігі.
Мерейтой аясында елді мекеннің дамуына үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар табысталды. Сонымен қатар жиналған қауымға арнап мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Шүлбі кентінің 50 жылдық мерейтойы – өткен тарихты ұлықтап, бүгінгі жетістіктерді бағалауға және туған өлкенің болашағына деген сенімді нығайтуға бағытталған маңызды шара.
Абай облысындағы Шүлбі кенті 50 жылдық мерейтойын атап өтті
1 / 17
Ұқсас материалдар

Дәл қазіргі сәт…
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАНДА «ҚҰТҚАРУШЫЛАР АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАНДА ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАНДА 80 ОРЫНДЫҚ ЗАМАНАУИ ПЕРЗЕНТХАНА АШЫЛАТЫН КҮН ЖАҚЫН
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
Құрметті түркістандықтар және қала қонақтары!
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу