2026 жылдың 9 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

    Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

    Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

    Басқарудың негізгі функциялары:

    -объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

    - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

    - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

    - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

    - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

    2026 жылдың 9 айында Басқарма құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы 890 хабарламаны қабылдады, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29%-ға аз (1246 хабарлама). 487 хабарламаны қабылдаудан бас тартылды, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3%-ға аз (502 хабарлама).

    2026 жылдың 9 айында Басқармаға пайдалануға берілетін объектілерді қабылдау актілерін салыстырып тексеруге 1225 акт келіп түсті. Оның ішінде 629 акт бойынша (51%) салыстырып тексеру жүргізілді, 596 акт бойынша (49%) бас тартылды. Бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10% көп. Атап айтқанда, 2025 жылдың 9 айында 1116 акт келіп түсіп, оның 534 бойынша (48%) салыстырып тексеру жүргізілді, 582 акт бойынша (52%) бас тартылды.

    2026 жылдың 9 айында Басқарма 56 бақылау-қадағалау іс-шарасын өткізді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18%-ға аз (68 бақылау-қадағалау іс-шарасы).

    2026 жылдың 9 айында заңнаманы бұзғаны үшін 365 әкімшілік іс қозғалды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп ( 113 әкімшілік іс):

    - мемлекеттік нормативтерді бұзу, 14 іс (7 352 500 теңге. 312-бап);

    - белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 1 іс (605 500 теңге. 314-бап);

    - атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 2 іс (162 189 теңге, 315-бап);

    - ЖСҚ және сараптамасыз, 68 іс (15 751 650 теңге, 316-бап);

    - авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 5 іс (2 724 750 теңге, 317-бап);

    - инжинирингтік қызметтерді бұзу, 6іс (5 406 250 теңге, 317-1-бап);

    - объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 17 іс (5 190 000 теңге, 318-бап);

    - үлестік құрылыс, 4 іс (4 325 000, 320-бап);

    - авторлық және техникалық қадағалаусыз, 23 іс (7 179 500 теңге, 321-бап);

    - пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 8 іс (1 297 500 теңге, 322-бап);

    - заңсыз пайдалану, 7 іс (497 375 теңге, 323-бап);

    - нұсқамаларды орындамау, 11 іс (1 167 750, 462-бап);

    - ескертусіз құрылыс, 8 іс (153 538теңге, 463-бап);

    - лицензиялау нормаларын бұзу, 190 іс (28 735 381 теңге, 464-бап).

    Оның ішінде 190 әкімшілік іс бойынша жарты жылға және 9 лицензиядан айыра отырып лицензиялардың қолданылуы тоқтатылды.

    Қозғалған әкімшілік істер бойынша 80 548 883 теңге сомасына айыппұл салынды, бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе көп ( 44 971 602 теңге). Оның ішінде басқарма 76 321 195 теңге салды (өндіріп алу 66 713 196 теңгені немесе 87% - құрайды, қалған 13% - ы бойынша айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі жақындаған жоқ немесе ЖСО-ға жіберілді), сот 4 227 688 теңге салды .

    2026 жылдың 9 айында 370 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 286 мемлекеттік қызмет, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 43% - ға аз ( 457 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 102 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 42% - ға аз ( 175 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 12 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70% - ға артық ( 7 аккредиттеу туралы куәлік).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" жаңалықтары