Күш, мінез және шеберлік: Астана полициясының полковнигі — Әлем кубогының жүлдегері

    Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкері әлемнің 40 елінен 410 спортшы қатысқан халықаралық турнирдің жүлдегерлері қатарына енді.
    16–18 қазан аралығында Түркияның Бурса қаласында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан Әлем кубогының финалдық кезеңі өтті. Беделді халықаралық турнирде Қазақстан атынан ұлттық құрама сапына енген спортшылар өнер көрсетті.
    95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қола медальді Астана қаласы Полиция департаменті бастығының дене шынықтыру және спорт жөніндегі көмекшісі, полиция полковнигі Мұрат Есмағамбетов жеңіп алды. Ол жарысқа Ішкі істер министрлігінің «ARLAN» спорт клубының атынан қатысты.
    Мұрат Есмағамбетов Қазақстан құрамасы сапындағы Ішкі істер министрлігінің жалғыз өкілі болды.
    Әлем кубогының финалындағы қола медаль — табанды дайындықтың, қайсар мінездің және жоғары спорттық шеберліктің нәтижесі. Елорда полициясы қызметкерінің жетістігі қызмет пен дене дайындығының, сондай-ақ спортта биік белестерді бағындыруға деген ұмтылыстың өзара үйлесетінін көрсетеді.
    Астана қаласының Полиция департаменті Мұрат Есмағамбетовті лайықты жетістігімен құттықтап, оған жаңа жеңістер, зор денсаулық және спорт аренасында толағай табыстар тілейді!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары