1 / 2
Қызылорда облысында мемлекеттік күзетілетін объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздік талаптарын түсіндіру мақсатында арнайы жиын өткізілді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің терроризмге қарсы орталығы Қызылорда облысы Полиция департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды.
Жиынға мемлекеттік күзетілетін объектілердің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында терроризмге қарсы қорғаныс талаптары, ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алу шаралары және төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдері түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар объектілердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға, қызметкерлердің даярлығын жетілдіруге және терроризм қатерлерінің алдын алуға бағытталған.






