Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде ашылған Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік құқығы дәрісханасында білім алушыларға тақырыптық дәріс өткізілді.
Құқық қорғау органдарының тәжірибесін білім алушыларға таныстыру және олардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаменті тарапынан оқу орындарымен өзара байланыс жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Осы бағытта Қызылорда облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Сұлтанқұлов Рахымжан Сағындықұлы Экономика және құқық институтының білім алушыларына «Тінту әрекеттерін жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында тінту әрекетінің қылмыстық процестегі орны мен маңызы, оны жүргізудің процессуалдық тәртібі, заңда белгіленген талаптарды сақтау және алынған дәлелдемелердің заңдылығын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар тінту жүргізу кезінде заңдылық қағидаттарын сақтау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, процессуалдық нормаларды дұрыс қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі маманнан кәсіби тұрғыда маңызды мәліметтер алды.
Мұндай дәрістер болашақ заңгерлердің теориялық білімін тереңдетіп қана қоймай, құқық қолдану тәжірибесін түсінуге, кәсіби көзқарасын қалыптастыруға және заң талаптарын тәжірибеде дұрыс қолдану дағдыларын дамытуға ықпал етеді.






