
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына арналған семинар өткізілді.

Іс-шара Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаевтың төрағалығымен өтті.

Семинар барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілігі мәселелері қаралды.

Сондай-ақ Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының № 5915-26-00-3/5331 жеке қаулысы және Солтүстік Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының № 5999-26-00-4а/147 жеке ұйғарымы қаралды.

Бұдан бөлек, 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша әкімшілік өндіріс нәтижелеріне талдау жасалды.

Семинар соңында қатысушылар қызметтік жұмыс барысында туындайтын практикалық мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.