Құтқарушылар қиын сәтте көмекке келуге әрдайым дайын. Әрбір шақырту олардан шапшаңдықты, кәсіби біліктілікті, сабырлықты және ең күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуді талап етеді. Әрбір құтқарылған адамның артында өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары әрі батыл мамандардың қажырлы еңбегі тұр.
Мереке құтты болсын! Құтқарушыларға батылдығы мен өз ісіне деген адалдығы үшін алғыс айтамыз.









