1 / 2
Жуалы ауданында жылыту маусымы кезінде тұрғындар арасында улы газдан уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту пештерін қауіпсіз пайдалану, мұржаларды уақытылы тазалау және электр құралдарын дұрыс қолдану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тұрғын үйлерге 12 улы газды анықтайтын датчик орнатылды. Қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау – адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды кепілі.
Жамбыл облысы ТЖД









