Павлодарда қарсы қозғалыс жолағына шығу дерегі полиция тарапынан тоқтатылды

    --Павлодар облысында патрульдік полицияның тәулік бойы жұмыс істеуінің арқасында жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері жедел анықталып, қауіпті жағдайлардың алдын алу жұмыстары күшейтілуде.
    Мәселен, Астана-Павлодар автожолының 235-шақырымында «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлікті басқарған жүргізуші жол таңбалары мен жол белгілерін елемей, қарсы қозғалыс жолағына шығып, басып озу маневрін жасаған.
    Жүргізушіге қатысты тиісті шаралар қабылданып, ол көлік құралдарын басқару құқығынан 6 ай мерзімге айырылды. Бұл туралы Павлодар облысының Полиция департаменті хабарлайды.
    Жыл басынан бері қарсы қозғалыс жолағына шығудың 552 фактісі анықталды.
    Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қарсы қозғалыс жолағына шығу-жолдағы ең қауіпті маневрлердің бірі. Жүргізушілер көбінесе қарсы бағыттағы көлік ағынның жылдамдығын, қашықтықты немесе жол жағдайын байсалды түрде бағалай алмайды, бұл жол қозғалысының барлық қатысушыларына өлім қаупін тудырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары