Құрметті құтқару қызметінің қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің қызметтеріңіз батылдықты, төзімділікті, жоғары жауапкершілікті және кез келген сәтте көмекке келуге дайын болуды талап етеді. Сіздер күн сайын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайларға жедел әрекет етесіздер және күрделі жағдайларда адам өмірін сақтап қалу үшін бар күш-жігерлеріңізді саласыздар.
Жанқиярлық еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз және өз істеріңізге адалдықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Құтқару қызметінің дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге ерекше ризашылығымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.








