🏗️ Қайтарылған активтер есебінен медициналық инфрақұрылым дамуда
🏥 Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында Мұғалжар аудандық ауруханасына жапсарлас ғимарат салу жұмыстары жүргізілуде. Нысан қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылып, мұнда тері арқылы коронарлық араласу орталығын ашу көзделген.
⚒️ Құрылыс жұмыстары 2026 жылғы 30 сәуірде басталды. Бас мердігер – «Интерстиль» ЖШС. Бір қабатты ғимараттың жалпы ауданы 562,58 м², ал құрылыс көлемі 2 526,29 м³ құрайды. Орталықтың қабылдау қуаттылығы ауысымына 6 келушіні құрайды.
📌Қазіргі уақытта нысанның жалпы құрылысқа әзірлік деңгейі 30%-ды құрайды. Жер қазу, негізді дайындау және іргетас блоктарын орнату жұмыстары толық аяқталған. Қабырғаларды қалау жұмыстары 40%-ға орындалды.
✨ Аталған жобаның жүзеге асырылуы аудан тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді. Қайтарылған активтерді әлеуметтік маңызы бар нысандарға бағыттау – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға арналған маңызды қадам.









