ҚАЛА ӘКІМІ ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    1 / 17
    Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Қытайдың «Ухань Цзиньчанцзян Құрылыс» ЖШС (Wuhan Jinchangjiang Construction Co., Ltd.) компаниясының өкілдерімен кездесті.
    Кездесу барысында Түркістан қаласында кәріз жүйесінен келетін ағынды суларды тазарту станциясын салу және жобаға инвестиция тарту мүмкіндіктері талқыланды.
    Тараптар нысанның қажетті өндірістік қуатын, алдын ала құнын, қаржыландыру көздерін және заманауи су тазарту технологияларын қолдану мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар қала көшелерінің жарықтандыру жүйесіне күн энергиясымен жұмыс істейтін технологияларды енгізу мүмкіндіктері сөз болды.
    Қала әкімі инвесторларға Түркістанның өндірістік әлеуеті мен инфрақұрылымдық даму бағыттары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ жауапты сала басшыларына компания өкілдерін қалада жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған инфрақұрылымдық жобалармен таныстыруды тапсырды.
    Кездесу соңында инвесторлар қаланың өндірістік алаңдарын аралап, жобаны іске асыру мүмкіндіктерімен танысатынын жеткізді. Тараптар алдағы уақытта жұмыстарының нәтижесі бойынша келіссөздерді жалғастыратын айтты.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары