САРЫАҒАШ: ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    1 / 8


    Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округіне қарасты Дербісек елді мекеніне арнайы барып, ішкі көшелерге асфальт жамылғысын төсеу жұмыстарының барысын бақылап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен қарқынын бақылады.
    Қазіргі таңда мердігер мекемелер тарапынан жол негізін дайындау және асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

    Аудан басшысы жұмыс барысымен танысып, жауапты жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына және мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын белгіленген техникалық талаптарға қатаң сәйкес жүргізуді, орындалатын жұмыстардың сапасына ерекше мән беріп, оларды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

    Айта кетсек, Дербісек елді мекеніндегі Бөрібай ата, Бекжанов, Есенқұлов және Бейбітшілік,Мұқанов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары мердігер мекеме «Дор Транс Строй » ЖШС тарапынан жүргізілуде. Асфальт жамылғысы төселетін көшелердің жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрайды.

    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары