Бүгін, 16 қазанда, Көкшетау кәсіпкерлікті қолдау орталығында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған семинар өтті. Семинарға «Riza Company» аудит компаниясының бухгалтерлері мен қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Шынар Мусина Қазақстан Республикасының салық заңнамасына 2027 жылға арналып ұсынылған негізгі өзгерістер жобасымен таңыстырды.
Кәсіпкерлерді қолдау орталығының басшысы Ризагүл Галадий атап өткендей, семинар өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Онда көптеген маңызды ақпарат берілді. Қатысушылар сұрақтарын тікелей қоюға және жоспарланған өзгерістер туралы толық түсіндірмелер алды.









