«САНАЛЫ ҚОҒАМ – САПАЛЫ МЕМЛЕКЕТ, САПАЛЫ МЕМЛЕКЕТ – ӨРЕЛІ ЕЛДІҢ КЕПІЛІ»

    1 / 3

    М. Әубәкіров атындағы орта мектепте «Сеніммен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, идея авторы, қоғам қайраткері Нұркен Жарылқапұлы Асановтың ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті.

    Кездесу барысында ұлт болашағы, жас ұрпақ тәрбиесі, ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, ата-баба мұрасы мен тарихи құндылықтарды сақтау және жаңғырту мәселелері кеңінен талқыланды.

    Сонымен қатар, саналы қоғам қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы, жастардың бойына отансүйгіштік, адамгершілік және ұлттық рухты сіңірудің қажеттілігі атап өтілді.

    Мазмұнды кездесу ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және ел болашағына жауапкершілікпен қарау бағытындағы маңызды пікір алмасу алаңына айналды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары