Рухани келісім күні мен Қазақстан Республикасы күніне орай Сандықтау ауданында «Бейбітшілік пен келісім - ел байлығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, жастар, этномәдени бірлестіктердің, діни конфессиялардың өкілдері және аудан жұртшылығы қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, діни экстремизмнің алдын алу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар жастар арасында толеранттылықты, отансүйгіштікті қалыптастыру және түрлі ұлттар мен діни сенім өкілдеріне құрметпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысында қатысушылар бейбітшілік, өзара түсіністік пен бірлік қоғамның басты құндылықтары екенін атап өтті.








