ТЖД келбеті: Баян Искакова

    1 / 2

    Төтенше жағдайлар саласында әр маманның қызметі маңызды. Солардың қатарында Жамбыл облысы ТЖД Арнайы жұмыс бөлімшесінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Искакова Баян Сұлтанқызы да бар. Ол азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 2013 жылы бастап, осы уақыт ішінде бірнеше бағытта қызмет атқарды. Техникалық қызмет пен хабарландырудан бастап, мемлекеттік құпияларды қорғау саласына дейінгі тәжірибесі кәсіби жолының әр кезеңімен тығыз байланысты. 2025 жылдың қараша айынан бастап Арнайы жұмыс бөлімшесінде қызмет атқарып келеді. Бұл бағыт тиянақтылықты, мұқияттылықты және жоғары жауапкершілікті талап етеді. Көп жағдайда көзге көріне бермейтін осындай еңбектің өзі департамент жұмысының жүйелі жұмысына ықпал етеді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары