Қазақстан мен Моңғолия арасындағы аграрлық ынтымақтастық жаңа деңгейге шығуда

    1 / 2

    Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 16 қазан – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтакынұлы Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрі Цагаанхүү Идэрбатпен келіссөздер өткізді.

    Кездесу барысында екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара сауда көлемін арттыру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    Тараптар мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға, заманауи агротехнологияларды енгізуге, сондай-ақ екі ел кәсіпорындары арасында тікелей іскерлік байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударды.

    Кездесуде Қазақстан мен Моңғолияның аграрлық саладағы әлеуеті жоғары екені атап өтіліп, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған өзара тиімді жобаларды іске асыруға мүдделілік білдірілді.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің тиісті мемлекеттік органдары мен іскерлік топтары арасындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендерін растады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі" жаңалықтары