1 / 3
Құтқарушылар күніне орай Мойынқұм ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде Рысқұлов атындағы тірек мектептің оқушылары үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар өрт сөндірушілердің күнделікті қызметімен танысып, құтқарушылардың қолданатын құрал-жабдықтары мен техникалары туралы ақпарат алды. Сонымен қатар оқушыларға М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу тәртібі мен оқу мүмкіндіктері жөнінде түсіндірілді. Кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа азаматтық қорғау саласының маңызын таныстырып, құтқарушы мамандығына қызығушылығын арттыру.
Жамбыл облысы ТЖД









