1 / 5
15 қазан күні Шалқар ауданының әкімі Қайрат Ақшолақ Шетырғыз ауылдық округіне қарасты Тұмалыкөл және Қаратоғай ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында аудан басшысы атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Тұрғындар өз ұсыныстары мен тілектерін жеткізіп, аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі ауылдық округ әкімі мен тиісті мекеме басшыларына көтерілген мәселелерді назарға алып, жұмыстарды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Ауыл тұрғындарымен кездесулер әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, кеңінен ақпарат таратылды.
Сонымен қатар, әрбір кездесуден кейін аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.









