Жер конкурсын өткізу туралы хабарландыру

    Қарабалық ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізеді, ол 2026 жылғы 23 қарашада сағат 10-00-де Қостанай облысы, Қарабалық ауданы мекенжайы бойынша өтеді, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі 31, (Қарабалық ауданы әкімдігінің ғимараты).

    Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу "Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі"ММ-де өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 2026 жылғы 02 қарашадан 2026 жылғы 20 қарашаға дейін (қабылдау уақыты 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліспен 13-00-ден 14-30-ға дейін) он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады Мекен-жайы: Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі 16.

    Толығырақ сілтеме арқылы танысуға болады:

    https://www.gov.kz/org/kostanai-karabalyk-pobeda/documents/details/1082135?lang=kk

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылы әкімінің аппараты ММ" жаңалықтары