Еңбегімен елге танылған аяулы жандар

    Халықаралық ауыл әйелдері күніне орай ауданымызда еңбегімен елге танылып, қоғамның дамуына үлес қосып жүрген аяулы жандарға арналған мерекелік жиын өтті.

    Мейрамхана төрінде ұйымдастырылған басқосуға аудан әкімі Д.Тоғызбаев қатысып, мерекеге орай жүрекжарды тілегін білдірді.

    Еңбегімен ерекшеленген бірқатар әйелдерге алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталып, олардың қоғамдағы орны мен еңбегіне лайықты құрмет көрсетілді.

    Сондай-ақ жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Ермағанбет пен, Отбасын қолдау орталығының директоры Р.Смағұлова сөз сөйлеп, мереке иелеріне ізгі тілектерін арнады.

    Ауданымыздың өркендеуіне үлес қосып, отбасының берекесін ұйытып, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген ауыл әйелдерінің еңбегі қашанда құрметке лайық.

    Барша ауыл әйелдеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әйтеке би ауданы әкімдігі" жаңалықтары