2026 жылғы 14 қазанда Әйтеке би ауданының әкімі Д.Тоғызбаев тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдауға 9 тұрғын қатысып, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша өз сауалдарын жеткізді. Атап айтқанда, ауылға қоныс аударған тұрғындардың баспаналарын газбен қамту, Самара-Шымкент автожолы бойындағы тұрғын үйдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген баспананы жекешелендіру, жұмыспен қамту және тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
Аудан әкімі тұрғындардың әрбір өтінішін назарға алып, мәселелерді шешу жолдарын қарастыру мақсатында жауапты бөлімдер мен тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Көтерілген мәселелердің орындалу барысы бақылауда болады. Тұрғындардың өтініштері заңнама аясында қаралып, оларды шешу бағытында тиісті шаралар қабылданады.
Тұрғындармен тұрақты байланыс орнату, олардың талап-тілектерін тыңдау және өзекті мәселелерді шешу — аудан әкімдігінің жұмысындағы басым бағыттардың бірі.









