Қауіпсіз үй

    1 / 2
    Қызылорда облысында «Қауіпсіз үй» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде
    Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Әлдешов Рауан Қырымұлының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті.
    Брифинг барысында «Қауіпсіз үй» жедел профилактикалық іс-шарасының өту барысы туралы кеңінен айтылды.
    Республика аумағында әкімшілік учаскелердегі қауіпсіздік деңгейін сапалы арттыру мақсатында «Қауіпсіз үй» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.
    Қала бойынша 2 446 проблемалық тұрғын үй мен өзге де нысандар тексерілді. Оның ішінде шаруа қожалықтары, қыстаулар мен қысқы жайылымдар, иесіз қалған нысандар, саяжай үйлері, көпқабатты үйлердегі пәтерлер мен жеке тұрғын үйлер бар.
    Сонымен қатар жалға берілетін 100 пәтер тексеріліп, тұрғындармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
    Тексеру барысында жалдамалы пәтерлерде анықталған заң бұзушылықтар негізінде Мемлекеттік кірістер органына 30 ақпараттық хат жолданды.
    Іс-шара аясында ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған 2 119 азаматты тұрғылықты мекенжайларынан тексеріп, олармен қайта құқық бұзушылыққа жол бермеу бағытында профилактикалық мәні бар әңгімелер жүргізілді.
    Сонымен қатар өңіріміздегі есепте тұрған қолайсыз отбасыларға ерекше назар аударылды.
    Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын сақтау, шетел азаматтарының жүріс-тұрысына бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 253 құқық бұзушылық анықталды.
    Атап айтқанда, еліміздің аумағында заңсыз жүрген 240 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, �13 шетел азаматын ел аумағынан мәжбүрлеп шығару бойынша сотқа құжаттар жолданды.
    Сонымен бірге аңшы мылтығы бар азаматтардың қаруды сақтау, алып жүру ережелерін сақтауына тексеру жүргізілді.
    Нәтижесінде 1 335 қару иесі тексеріліп, сақтау және тіркеу мерзімдерін бұзғаны үшін 19 қару тәркіленді.
    Бұдан бөлек заңсыз айналымнан 4 тіркелмеген атыс қаруы алынды.
    Қоғамдық орындарда «граффити» жазуларын анықтау, оларды жою бағытындағы жұмыстар да іс-шара барысында назардан тыс қалған жоқ.
    Жедел шаралар кезінде көшелерде заңсыз есірткі жарнамалайтын 38 граффити жазуы жойылды.
    Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейд жұмыстары жүргізіліп, заңсыз әрекет жасаған 170-ке жуық жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізілді.
    Өтіп жатқан шара аясында облыс тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында 158 кездесу өткізілді.
    Кездесу барысында азаматтар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында 1200-ден астам жадынама таратылды.
    Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныстары мен шағымдары тыңдалып, олар бойынша тиісті заңды шешім қабылдау жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп келеді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары