Қауіпке қарсы тосқауыл: алгоритмге сәйкес әрекет ет

    Түркістан облысы Келес ауданына қарасты «Қошқарата», «Біртілек», «Ақтөбе», «Алпамыс батыр», «Бозай», «Ошақты» ауылдық округтерінің тұрғындарымен экстремизм мен террористік қауіптің алдын алу, алғашқы әрекет ету алгоритмін түсіндіру және ірі кәсіпкерлерге террористік тұрғыдан осал объектілердің талаптарын түсіндіру мақсатында профилактикалық жиналыстар ұйымдастырылды.

    Жиналыстарға аудандық ҰҚК бөлімдерінің қызметкерлері арнайы қатыстырылып, аудан тұрғындарына террористік қауіптің түрлері, жасалу әдістері, қауіптің деңгейлері бойынша түсіндірілді.

    Кез-келген білімді тек расталған парақшалар мен ресми сайттардан алу, күдікті мақалалар мен жарияланымдардан аулақ болу қажеттілігі жеткізілді.

    Шетелдегі кейбір бақылаусыз немесе ресми мәртебесі жоқ теологиялық оқу орындарында білім алудың ықтимал тәуекелдері де қарастырылды.

    Мұндай оқу орындарында ұсынылатын білім мазмұны заң талаптарына сәйкес болмауы мүмкін және жастардың теріс діни идеология ықпалына түсуіне алғышарт жасайды.

    Білім алу мәселесінде тек ресми түрде танылған және бақылаудағы оқу орындарын таңдау қажеттігі ерекше атап өтілді.

    Сонымен бірге, жиналыстарда террористік қауіп туындаған кезде әрекет ету алгоритмі, қауіптің алдын алу шаралары туралы сөз қозғалды.

    Жиын соңында аудандардағы террористік тұрғыдан осал ірі кәсіпкерлердің иелеріне террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын негізгі талаптары, ішкі істер органдарымен жүргізілетін тексеру шараларының мақсаты, заңдылығы, дайын болу қажеттігі туралы баяндалды.

    Іс-шаралардың қорытындысымен, аудан тұрғындарына нақты ұсыныстар беріліп, пікір алмасты.

    Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары