Арыс қаласында орналасқан «Қабылсай», «А.Тілеубердин», «Б.Оңтаев» атындағы жалпы білім беретін мектептерінде және Арыс қалалық «Жастар ресурстық орталығының» жастарымен интернет кеңістігіндегі террористік қауіптер туралы семинар сабақтар өткізілді.
Қазіргі таңда, әлемде орын алып жатқан соңғы саяси оқиғаларға сәйкес, ел аумағына интернет арналары арқылы қауіптер кездесуде.
Тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдарының уағызшылар өздерінің уағыздарын аудио, бейне жазбаларға жазып, әлеуметтік желілер арқылы таратуда.
Елімізде соңғы кездері жасөспірімдер осы аудио, бейнематериалдарды тыңдап, теріс идеология ағымдарына бет бұруда және олардың материалдарын таратып, қылмыстық әрекеттерді жасау фактілері кездесуде.
Осы ретте, семинар сабақтарға қатысушыларға терроризм ұғымы, жасанды интеллектінің қауіптері және күмәнді парақшалар мен жарияланымдардың бір мезетте үлкен өзгерістерге алып келетіндігі туралы түсіндірілді.
Соңғылар экстремистік және террористік әрекеттерді тікелей уағыздамай, бірте бірте адамдардың санасын улап, теріс әрекеттерге баруға жол ашады. Ең соңында адамның қалай теріс әрекетке барғандығын түсінбей, жауапкершілік туындаған кезеңде ғана өз іс әрекеттеріне баға беріп, түсінетіндігі туралы сөз қозғалды.
Осылайша, барлық іс-әрекеттерді саналы түрде ойланып, ақпараттарды ең алдымен расталған парақшалардан алуды, тек ресми парақшаларға сүйену туралы ұсыныс берілді.
Жалпы, семинар сабақтар жастар арасында интернет желілерінен төнетін қауіптерге қарсы иммунитет қалыптастыруға өз оң әсерін тигізді және қорытындысымен сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды








