САРЫАҒАШ: ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАУДА

    1 / 4
    Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне қарасты 51-разъезд елді мекеніне жұмыс сапарымен барып, жол жөндеу және көшелерді жарықтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады.
    51-разъезд елді мекеніндегі Жұлдыз көшесіне және Дарбаза ауылындағы Тоқтар Әубәкіров көшесіне шағал төсеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарды «Қасымов К. М.» ЖК атқаруда.
    Жұмыс сапары барысында аудан әкімі жол төсеу жұмыстарының сапасын бағалап, елді мекендердің жол инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
    Сонымен қатар, Дарбаза ауылы мен 51-разъезд елді мекенінің орталық көшелерін жарықтандыру бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, қазіргі уақытта нысандарды қабылдау рәсімдері жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстарды «Жанар» ЖК атқаруда.
    Сондай-ақ, жұмыстың сапасын бақылап, аса назар аудару керектігін ескертті.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары