Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында «Balazhan» мемлекеттік цифрлық платформасын енгізуде. Платформаның негізгі мақсаты – ерекше назар аударуды қажет ететін балаларды ерте анықтап, оларға қажетті көмекті уақтылы ұйымдастыру, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. «Balazhan» балалар мен олардың отбасылары туралы ақпарат жинауға қатысты жаңа талаптар енгізбейді. Бұған дейін педагогтер қағаз құжаттарда және әртүрлі ақпараттық жүйелерде жүргізіп келген мәліметтер енді бірыңғай цифрлық платформада жинақталады. Бастапқы мәліметтер платформаға бір рет енгізіліп, кейін тек қажеттілігіне қарай жаңартылады. Бұл құжат айналымын азайтып, педагогтердің жұмысын жеңілдетуге және мамандар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік береді. «Balazhan» – Ұлттық білім беру деректер қорының модулі болып табылады. Балалардың дербес деректерінің қорғалуы заңнама талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі. Жаңа жүйе қолдауды қажет ететін балаларды үздіксіз сүйемелдеуге және оларға көрсетілетін көмектің тиімділігін арттыруға бағытталған.
«Balazhan» платформасы балаларға уақтылы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

ТҮРКІСТАННЫҢ «ТҰРАН» КОМАНДАСЫ ЧЕМПИОНАТ КӨШБАСШЫСЫН ЖЕҢДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАН ӘУЕЖАЙЫНДА АМЕРИКАЛЫҚ ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
Ақмола облысында Қазақстандағы алғашқы 900 басқа арналған роботтандырылған сүт-тауарлы ферма ашылды
Ақмола облысының әкімдігіАшу
Нұрдәулет Қилыбай Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелерімен кездесті
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
"Павлодар ауданының әкімдігі" жаңалықтары

Баршаға маңызды күн: Қазақстанда Рухани келісім күні атап өтілуде
Павлодар ауданының әкімдігіАшу
Кутқарушылар Павлодар облысының тұрғындарын баспаналарын өрттен қорғауға тағы шақырады
Павлодар ауданының әкімдігіАшу
Павлодар облысында 400-ден астам экологиялық іс-шара өткізілді
Павлодар ауданының әкімдігіАшу
Жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық мемлекеттік органдар басшылығының азаматтарды қабылдаудың бекітілген кестесіне сәйкес Павлодар ауданының әкімі апта сайын жеке қабылдауын өткізеді
Павлодар ауданының әкімдігіАшу
«Заң мен тәртіп»: Павлодар облысында құқық бұзушылықтың алдын алуға басымдық берілуде
Павлодар ауданының әкімдігіАшу