Алматы облысында пробация есебіндегі азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері қаралды

    Ағымдағы жылдың 11 қазанында облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Қ. Бахытұлының төрағалығымен Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Алматы облысы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган отырысы өтті.

    Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.

    1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрғандарды жұмысқа орналастыру бойынша ағымдағы жылдың ІІІ - ші тоқсанында атқарған жұмыстары туралы.

    2. Алматы облысының пробация қызметінің есебінде тұрған жастарға, моральдық-психологиялық климатты сақтау үшін және спортпен шұғылдану бойынша жүргізілетін мәдени-бұқаралық іс-шаралар туралы.

    3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған арнайы контингент арасында наркомания, алкоголизм және АИТВ/ЖИТС (ВИЧ/СПИД) ауруына шалдыққан азаматтарға көрсетілетін ақысыз медициналық көмек және оларды диспансерлік тіркеуге алу туралы.

    4. Аудандарда және қалаларда «Пробация үйі» пилоттық жобасын іске қосу бойынша Жол картасының орындалуы туралы.

    Отырыс қорытындысы бойынша жауапты басқармаларға, аудан және қала әкімдіктеріне тиісті тапсырмалар беріліп, қаралған мәселелер бойынша нақты шаралар қабылдау міндеттелді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары